$525.87 €614.37 ₽6.72
×

Елге келем деген әр қазаққа есік ашық!

AstanaTV
24.06.2017ж. 01:27
2445
Елге келем деген әр қазаққа есік ашық!

Дүниежүзі қазақтарының 5-құрылтайында Президент көп тамаша сөз айтты. Мынаған тоқталамын: Елге келем деген азаматтарға қауымдастық арқылы бар жағдай жасалуы керек!

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Келем дегендерге шекарада шырғалаң болып тұрады. Елге келген соң құжат түгендеу үшін ары-бері сабылыс болмауы керек. Мысалы, Қытай қазақтарының сотталмаған, сотталғаны туралы анықтама алуына қатысты мәселелер болады. Оны шекара тұрғысынан анықтап, ақылдасып шешуі тиіс. Үкіметке осының барлығын кешенді түрде қайта қарап, шешімін табуды тапсырамын.