$516.91 €586.33 ₽6.3
×

“Зейнетақы қорындағы ақшаны шешіп беремін“. Полиция азаматтарға ескерту жасады

AstanaTV
14.04.2025ж. 14:00
141
“Зейнетақы қорындағы ақшаны шешіп беремін“. Полиция азаматтарға ескерту жасады

Елордада әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жасаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сарыарқа аудандық полиция басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жасаған 30 жастағы күдіктіні анықтады. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдікті Instagram желісінде жалған хабарландыру таратып, азаматтарға зейнетақы қорындағы қаражатты шешіп беруді уәде еткені анықталған.

"Ол жәбірленушілерден өз Kaspi Gold шотына ақша аударуды сұраған. Тергеу барысында күдіктінің осындай 17 эпизодқа қатысы бары анықталды. Күдікті қылмыстық әрекеттерін толық мойындады", - деп жазылған хабарламада.

Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Астана қалалық Полиция департаменті азаматтарды қырағылық танытуға және күмәнді ұсыныстарға сенбеуге шақырды.