$516.91 €586.33 ₽6.3
×

Атыстан қаза тапқан баланың туыстары сотталып жатыр

AstanaTV
14.04.2025ж. 17:00
116
Атыстан қаза тапқан баланың туыстары сотталып жатыр

Австралияда кездейсоқ оқ ату салдарынан қаза тапқан тоғыз жастағы баланың туыстарына оның өліміне байланысты айып тағылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

Жексенбі күні Жаңа Оңтүстік Уэльстегі (NSW) Голберн қаласының маңындағы Винделлам фермерлік жерінде болған атыс туралы хабардан кейін, парамедиктер мойын тұсынан ауыр жарақат алған балаға көмек көрсетті. Алайда бала оқиға орнында көз жұмды.

Жергілікті полиция екі адамды, оның ішінде 14 жастағы жасөспірімді тұтқындап, оларға атыс қаруын заңсыз сақтау бойынша айып тақты.

Оқиғаға байланысты тергеу жүргізілуде. Отбасы мүшелерінің баламен қандай қатысы бар екені белгісіз.

Бұл маңда оқ атылғанын сирек естиміз. Ондай оқ атылғанын естігенде бәріміз шошып қалдық, ешқайсымыз ол жерге барғымыз келмеді, – деді ферма маңында серігімен бірге тұратын Рон Венбан Австралиялық хабар тарату корпорациясына (ABC) берген сұхбатында.

Венбанның айтуынша, отбасы Сиднейде тұрады және бұл жерді демалыс үйі ретінде сатып алған.

Тұтқындалған екі туыс сот алдына жауап беру үшін мамыр айында шығарылады. Ал жасөспірім Жаңа Оңтүстік Уэльс штатындағы Балалар сотының отырысына қатысады.

Ер адамға атыс қаруын бөгде адамға ұстатқаны және оны дұрыс сақтамағаны үшін айып тағылса, жасөспірімге рұқсатсыз қару сақтағаны үшін айып тағылды.

Жасөспірім кепілдікпен босатылды.