Абай облысы Жаңасемей ауданы Приречное кентінде күнбағыс қабығы жанып, өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 40 адам және 16 техника жұмылдырылды.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, министрліктің командалық орталығының базасында жедел штаб құрылды. Өртті сөндіруге ТЖМ, ПД, ЖАО, ЖШС және ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімінің 111-ден астам адамы мен 33 техника жұмылдырылды.
Өрт орнында ТЖМ АМО қызметтері мен ТЖД психологтары жұмыс істеуде.
Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінде жедел желі ашылды 8 (722) 35-38-36.
Өртті сөндіру үшін Қазақстан ТЖМ авиациясы жұмылдырылды.
ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтің тапсырмасы бойынша өрт шыққан жерге ТЖМ тікұшағы жұмылдырылды.
Әуе кемесін қолдану өрттің таралуына жедел ден қоюды қамтамасыз ете отырып, өрт сөндірудің жылдамдығы мен тиімділігін арттырады.
- Қазақстанның ТЖМ өртті сөндіру және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда, - делінген хабарламада.
Бұл туралы kaz.inform.kz хабарлайды.