$516.91 €586.33 ₽6.3
×

Павлодар облысында балықшы үшінші күн қатарынан іздестіріліп жатыр

AstanaTV
14.04.2025ж. 21:11
210
Павлодар облысында балықшы үшінші күн қатарынан іздестіріліп жатыр

Павлодар облысындағы Тереңкөл ауданында балықшы із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Белгілі болғандай, бір топ адам 11 сәуір күні кешкісін көл жағасына балық аулау үшін жиналған. Түнгі уақытта ер адам жағалауда тұрған баржадан суға секіріп, қайта шықпаған. Жергілікті төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына бірден жеке құрамның төрт адамы, бір техника мен бір жүзу құралы жеткізілді. Су аймақтары мен жағалау аумағы жіті тексерілуде. Алайда әзірше еш нәтиже жоқ.

Еске сала кетейік, құтқарушылар наурыз айының соңынан бері балық аулауға барудың қауіпті екенін айтып, дабыл қағуда. Дегенмен, жекелеген адамдар мұндай ескертулерді елемей отыр.