Атырау облыстық ауруханасында жәндіктер өріп жүр. Әлеуметтік желіде жарияланған видеода автор палатада қоңыз жүргенін айтып шағымданған.
Видео гинекология бөлімшесінде түсірілген. Келіншек жәндіктің тіпті сөмкесінен шыққанын көрсетеді. Бас дәрігер жағдайдан хабардар. Жәндіктер күн жылығаннан бастап пайда болғанын айтып отыр. Соңғы рет наурыз айының аяғында дизенфекция жұмысын жүргіздік,- дейді. Күрделі жөндеу басталуына байланысты облыстық аурухана былтыр қараша айында модульдік ауруханаға уақытша көшірілген. Қала аумағынан тысқары орналасқан ғимарат коронавирус инфекциясы тараған кезде салынған, іргетасы жоқ. Сондықтан ай сайын улап отырмыз,- дейді дәрігерлер. Айта кетейік, осыдан екі жыл бұрын да дәл осы ғимаратта перзентхана орналасқан кезде жас босанған аналардың палатасында емін-еркін тышқан аралап жүрген видеосы тараған еді.
ЕРБОЛ ИМАНҒАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:
Бұл жәй ғана жылығанда пайда болатын үйдегі сияқты қызыл қоңыздар. Бірақ оның бәрі уланып жатыр қазір. Жоспарлы залалсыздандыру осы сәрсенбі күні сырт айналаны басқа компаниялар келіп сыртты айналаны залалсыздандырады.