Тайландқа барған төрт қазақстандық құлдыққа түскен. Жоғары жалақы іздеп шетел асқандардың арасында ел тұрғындарынан бөлек, 8 Қырғызстан, 2 Өзбекстан азаматы бар. Олар жұмыс берушімен интернет арқылы сөйлесіп, келіседі. Алдымен Тай еліне барған отандастарды адам саудасымен айналысатын қылмыстық топ әрі қарай Мьянмаға заңсыз жолмен алып кеткен. Олар жәбірленушілерді жалған колл-орталықта жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Заңсыз әрекеттен бас тартқандарға күш қолданып, қорқытқан. Тіпті, бостандыққа жіберу үшін ірі көлемде қаржы талап етіпті. Қазір жапа шеккендердің бәрі отанына оралды.