$516.16 €584.86 ₽6.25
×

Сенат спикері Сауд Арабиясы консультативтік кеңесінің төрағасымен кездесті

14.04.2025ж. 20:00
239
Сенат спикері Сауд Арабиясы консультативтік кеңесінің төрағасымен кездесті

Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы ынтымақтастықты дамыту жолында Сенат пен Консультативтік кеңестің өзара диалогы маңызды рөл атқарады. Бұл туралы бүгін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты. Басқосуда  өзара тығыз қарым-қатынас пен  рухани дипломатияны нығайту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев Сауд Арабиясының Ислам істері, уағыз және насихат министріменде кездесті. Тараптар онда конфессияаралық диалогты дамыту мәселелері мен перспективаларын талқылады. Қазіргідей геосаяси кезеңде рухани дипломатияны ілгерілету және діни көшбасшылардың келісім мен диалогқа шақыруы маңызды екені айтылды.

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Екі елдің қарым-қатынасының осындай қарқынды дамуы бұл әрине біздің елдеріміздің басшылары Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Қос Киенің Сақшысы – Король Салман бен Әбделазиз Әл-Саудтың арасындағы тығыз қарым-қатынастың, достықтың, сондай енді сенімге негізделген диалогтың, ынтымақтастықтың нәтижесі екені сөзсіз. Екі елдің басшыларының арасында өте маңызды келісімдерге қол жеткізілді. Енді біздің мақсатымыз келісімдерді нәтижелі толыққанды жүзеге асыру.