$516.16 €584.86 ₽6.25
×

Елімізде Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 5 млн. теңгеден бір реттік жәрдемақы тағайындалды

Елімізде Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 5 млн. теңгеден бір реттік жәрдемақы тағайындалды

Елімізде Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет ерекше. Биыл оларға мереке қарсаңында 5 млн теңгеден бір реттік жәрдемақы тағайындалып отыр. Қызылорда  облысында  екі ғана ардагер бар.  Оларға  медициналық тексерістер де тұрақты жүргізіледі.   Аймақта соғыс жылдарында еңбек еткендер мен ардагердің жесірлеріне де жәрдемақы тағайындалып отыр. Қиын кезеңде маңдай терлерін төгіп, тылда тер төккен 1700-ге жуық адам тіркелген.

СМАТ СЕЙДАХМЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Ұлы Отан соғысына қатысушыларына, оларға теңестірілген аргерлер мен соғыс жылдарында кемінде 6 ай еңбек еткен тыл ардагерлеріне 50 а.е.к көлемінде төленеді. Барлығы  196  600 теңгеден төленетін болады.  Облыстан 15ке жуық тыл ардагерлеріміз өздерін ұсынып отыр. 7 мамырда Астана қаласында өткізілетін мерекелік іс-шараға қатысуға.