$516.91 €586.33 ₽6.3
×

Жаңа Бұқтырма ауылында мемлекеттік тілде оқытатын мектеп ашылды

AstanaTV
14.04.2025ж. 20:00
103
Жаңа Бұқтырма ауылында мемлекеттік тілде оқытатын мектеп ашылды

Еліміздің шығысындағы Жаңа Бұқтырма ауылында қазақ тілінде білім беретін мектеп ашылды. Оқушылар осыған дейін ескі балабақшада, қолайсыз жағдайда оқыған. Тұрғындар көптен күткен жаңа мектеп 170 оқушыны қабылдады. Оған іргелес ауылдардағы балалар да арнайы автобуспен келіп оқиды. Білім ордасының құрылысы облыстағы "AMANAT" партиясы филиалының жобасы болған.

САЙРАНГҮЛ ЖҰМАДІЛОВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл мектептің құрылысы негізінен "AMANAT" партиясының жол картасына енгізілген. Өйткені депутаттар халықпен кездескенде халықтың көбінің ұсынысы осы ауданға жаңа мемлекеттік тілде оқытатын мектептің қажет екені туралы халық көптеген өздерінің тілектерін білдірген. Қазіргі кезде мектептің құрылысы дер кезінде аяқталып, барлық қажетті жағдайлармен, қажетті жабдықтармен жабдықталған.