Елордада «Халық аспаптары» және «Халық әні» номинациялары лауреаттарының концерті өтті. Шара Ассамблеяның 30 жылдық мерей тойына орай ұйымдастырылды. Мерекелік кеште 18-ден астам өнерпаз ән мен күйден шашу шашты.
Мерекелік шарада қазақ, орыс, шешен, ингуш, карақалпақ, ұйғыр тілдерінде вокалдық нөмірлер орындалды. Әсіресе туған жердің әсемдігін сипаттайын күйлер көрерменнің жүрегінен ерекше орын алды. Әртістер бұл күнді ерекше күткендігін айтады.
ЕЛАМАН НАРИМАНҰЛЫ, "БАБАЛАР САЗЫ" АНСАМБЛІНІҢ МҮШЕСІ:
Біздің репертуарымызда халық әндері, халық күйлері Оның ішінде өзіміз жақтың Алтай, Тарбағатай күйлері бар. Сонымен қоса өазіргі композиторлардың шығармалары бар. Ассамблеяның 30 жылдығына орындағалы түрған шығармамыз Ербол Нариманұлының «Алаш мұрасы» деген шығарма соны алып келіп отырмыз.
Шарада әр халықтың өнері мен мәдениеті, фольклоры паш етілді. Олардың әрқайсысының әні мен биінен бөлек ұлттық аспаптары – өз алдына бір төбе. Сондай-ақ түрлі-түсті жарқын костюмдерді концертке арнайы тіктірген.
ЛИЛИЯ САЙЛАУБАЕВА, ДӘСТҮРЛІ ӘНШІ:
Қарақалпақстан туған жерім. Сол жерде мен осы Қарақалпақтың дудар аспабын оқып бітірдім. Сол жердегі халық дастандарын, күйлерді тартамын, дастандардан үзінділер айтамын. Қосымша эстрадный қазақ әндерінде айтып келемін. Қарақалпақтың әндері құлаққа жағымды «Хош Хауаз», «Бүлбіл» деп аталған.
Айта кетейік, Ассамблеяның 30 жылдығына орай Астанда 400-ден астам мерекелік ірі іс-шара өтеді.