Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Алматының айналасындағы мұздықтардан пайда болған көлдерден қауіп басым

AstanaTV
27.06.2017ж. 20:00
2705
Алматының айналасындағы мұздықтардан пайда болған көлдерден қауіп басым

Алматыға төнген қауіп сейілер емес. Тау мұздықтары еріп, көлдер арнасынан асуы мүмкін. «Қазақселденқорғау» мекемесінің дерегінше, 36 көлдің 17-сі кез-келген уақытта жарылып кетуі ықтимал. Жергілікті билік су мөлшерін қалыпты ұстау үшін, 70 миллион теңгеге 10 су сорғыш құрылғы сатып алған. Осылайша көл суын орталау жұмыстары басталған.

Самат Дәуленқанов, «Қазселденқорғау» мекемесінің жетекшісі:

Көлдің ең көтерілетін уақыты - шілде айы. Шілде, тамыз айларында. Өйткені мынау қала 25-30 градус жылы, ыстық болған кезде, көл теңіз деңгейінен 3600-3400 биіктікте 9-10 градусқа дейін көтеріледі. Судың қатты деңгейі көтерілген кезде, жаңағы мұздықтар ериді. Мұздықтар еріген кезде, көлдің деңгейі көтеріледі. 17,10,18,16 осы аппараттар, әрине, 100 пайыз болмаса да, 90-80 пайыз көлдің жарылып кетпеуін қамтамасыз етеміз.

Мамандар, таудың ойпаттарында орналасқан көлдердің ішінде 9-ын кезек күттірмей, судан босату қажет, деп отыр. Ол жерде 2,5 млн текше метр су жиналған. Бұл «Қапшағай» көліндені судың көлемімен тең. Төтенше жағдайлар департаменті республикалық бюджет есебінен Ақсай, Мың Жылқы, Үлкен Алматы, Кіші Алматы аңғарына плотина салуды жоспарлап отыр. Тек Үлкен Алматы өзені ағып келетін «Алмарасан» шатқалында 2018 жылы 20 млрд теңгеге бағаланған бөгеттің құрылысы басталмақ.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ