$521.67 €592.46 ₽6.32
×

Қай елде адамдар бақытты өмір сүреді?

AstanaTV
15.04.2025ж. 11:22
135
Қай елде адамдар бақытты өмір сүреді?
Фото: ашық дереккөз

Әлемдегі ең бақытты 10 елдің жартысы – ЕуроОдақ құрамындағы елдер. Бұл тізімде негізінен шағын мемлекеттер бар. Халқы 15 миллионнан аспайтын елдер өз өмір сапасын жоғары бағалайды. Бұл туралы Aikyn.kz сайты euronews-тегі материалға сүйене отырып жазады.

World Happiness Report 2025 есебіне сәйкес, Финляндия қатарынан сегізінші жыл әлемдегі ең бақытты ел деп танылды. Сарапшылар бұл нәтижені табиғатқа қолжетімділік пен әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінің мықтылығымен байланыстырады.

Тізімде Финляндиядан кейін Дания, Исландия, Швеция орналасқан.

Бұл елдер әлеуметтік қолдау, сенім және жалпы әл-ауқат сияқты көрсеткіштер бойынша тұрақты түрде жоғары балл жинайды.

World Happiness Report зерттеуі кезінде 140 ел мен аймақтағы 100 000-нан астам адам сұхбаттан өткен.

«Финляндияда бақыт дегеніміз – үнемі қуанып жүру емес, қауіпсіздік, сенім мен күнделікті өмірдегі тепе-теңдік сезімі. Мейлі ол әлеуметтік саясат, сапалы білім немесе табиғатқа қолжетімділік болсын, бұл жерде қажет болған жағдайда адамға көмек көрсетілетініне деген сенім бар», – дейді HappyOrNo фин компаниясының бас директоры Миика Мякитало. Бұл компания клиенттердің қанағаттану деңгейін өлшеумен айналысады.

Сонымен қатар Мякитало сөзін жалғастыра келе:

«Біз қоғам ретінде теңдік пен тұрақтылықты жоғары бағалаймыз. Бұл адамдарға қолдау көрсетіліп, дамуға мүмкіндік берілетін орта құруға негіз болады. Мұндағы бала күтіміне байланысты берілетін демалыс пен қолжетімді балабақша саясаты отбасына қаржылық қауіпсіздік пен балаларымен бірге уақыт өткізу мүмкіндігін береді. Бұл – жалпы өмір сапасын жақсартуға деген ұмтылыс. Сөйтіп жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдік сақталады», – дейді.

Бірге ас ішу мен бір-біріне сенім арту

Адамдар жиі бірге тамақ ішетін қоғамдарда бақыт пен әлеуметтік қолдау деңгейі жоғары.

Польша – алғашқы ондыққа енген ЕО-ның жалғыз елі. Мұнда бір аптада орта есеппен 10-нан астам үлкен тамақ ішетін орында бірге ас ішеді.

Ал Эстонияда керісінше. Тізімнің соңында тұр. Себебі тұрғындары аптасына орташа есеппен 2,7 рет қана бірге тамақ ішетінін айтқан.

Жалғыз тұратын адамдардың бақыт деңгейі төмен.

Еуропада ең жоғары бақыт деңгейі төрт-бес адамнан тұратын отбасыларда байқалады. Бірақ жастар арасындағы жалғыздық күшейіп барады. Сауалнамаға қатысқан жастардың 19%-ы «сенетін адамы жоқ» екенін айтқан. Бұл 2006 жылмен салыстырғанда, 39%-ға көп.

Көптеген жас өз қатарластарының жанашырлығын бағаламай, басқалармен араласудан қашады. Сондықтан бұл толыққанды қарым-қатынас орнатуға кедергі келтіреді.

COVID-19 пандемиясы кезінде қайырымдылық ісі көбейіп, сол деңгей әлі де сақталып отыр. Себебі пандемияға дейінгі көрсеткішпен салыстырғанда, 10%-ға жоғары.

Орталық және Шығыс Еуропада қайырымдылық пен еріктілік кең таралған болса, Батыс Еуропада материалдық ресурстарды бөлісу жиі кездеседі.

Оксфордтағы әл-ауқатты зерттеу орталығының директоры және Бақыт туралы дүниежүзілік баяндаманың редакторы Ян-Эммануэль де Неве: «Биылғы баяндама бізді денсаулық пен байлық сияқты дәстүрлі факторлардан тыс ойлауға мәжбүрлейді. Бірге тамақ ішу мен сенім арту адамдардың әл-ауқатының күтпеген, бірақ күшті көрсеткіші болып шықты. Әлеуметтік оқшаулану мен саяси поляризация дәуірінде адамдарды дастархан басына қайта жинаудың жолын табу аса маңызды. Бұл біздің жеке әрі ұжымдық бақытымыз үшін қажет», – деп түйіндеді.