12 шоқ гүл үшін 12 млн теңгеге дейін айыппұл салған әділетті ме? Бұл сауал Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Заңға сәйкес бұл жерде артық кетіп жатқан жағдай жоқ. Қылмыстық кодекстің 339-бабына сәйкес, 3-7 мың АЕК-ке дейін айыппұл салу қарастырылған. Сондықтан ол жерде бәрі заңға сәйкес болды, – деді Нысанбаев.
Айыппұл неге мұнша жоғары?
Бәрінің қазір көзі ашық, қызғалдақ жазда бұрқ етіп шыққанымен, жоғалып кету қаупі жоғары. Сондықтан бұл Қызыл кітапқа енген өсімдік. Сол себепті заң бар, - деді ол.