Қазақстандық эстрада жұлдызы Ерке Есмахан Instagram желісіндегі парақшасында отбасылық фотосуреттерін жариялап, оқырмандарына жоспары туралы айтты, деп хабарлайды nur.kz.
"Адамның айтқаны емес, Алланың бұйырғаны болады деген рас. Биыл жазда үлкен "жыл тойын" жасаймыз деп жоспарлаған едік қой. Онымен бір бөпетай "дүниеге келемін" деп тапсырыс берген соң, барлық жоспарды өзгерттік. Алла бұйыртса, енді келесі жылы екі еселеп той жасайын деп тұрмыз. Тағы тапсырыс кеп қалмаса", - деп жазды өнер иесі желідегі парақшасында.