Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Тілшілердің сұраныс хатын жауапсыз қалдырған шенділер жұмыстан қуылады

AstanaTV
27.06.2017ж. 20:00
3390
Тілшілердің сұраныс хатын жауапсыз қалдырған шенділер жұмыстан қуылады

Бұдан былай тілшілердің сұраныс хатын жауапсыз қалдырған шенділер қатаң жазаланып, қажет болса жылы орынымен қош айтысады. Осы мәтіндес заң жобасының нормасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі дайындап жатқан заң жобасында қамтылған.

Бүгін мәжілісте қаралған заң жобасы кезінде министр Дәурен Абаев, соңғы уақытта отандық журналисттерден сауалға жауап бермейтіндер туралы шағым көп түсіп жатқанын айтты. Осы орайда ол енді әрбір құзырлы мекемеде БАҚ өкілдерімен арнайы жұмыс жүргізетін маман болуы керектігін де атап өтті.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникация министрі:

Тілшілер тарапынан белгілі бір орындардан жауап ала алмау жайлы шағым көп. Бұл заң осы олқылықтың орнын толтыруға бағытталған. Мұнан өзге тілшілер қауымының енді әр жарияланған ақпараты ресми дерек көздерінен алынған болуы керек. Ал дерек көзі болмаса, тілші журналисттік зерттеу жүргізіп, нақты дәлел алғаннан кейін ғана жариялай алады.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ