Алматылық тұрғын кәмелетке толмаған қыз баланы 13 жасынан бері зорлап келген. Қылмыскер оның көршісі болып шықты. Азғын әрекеті әшкере болған ол ең алдымен қыздың әкесінің сеніміне кіріп, оқушыны ата-анасының рұқсатымен мектепке апарып, әкеліп жүріпті. Бір күні үйде ешкім жоқ екенін пайдаланып, жасөспірімге күштеп ішімдік берген. Артынша арам ойын іске асырыпты. Екі жыл бойы ұрып-соғып, зорлық-зомбылық әрекеттерін тоқтатпаған. Амалы таусылған қыз көршіден көрген қорлығын әкесіне айтып беріпті. Қазір іс Түрксіб аудандық полиция басқармасында қаралып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның барлық объективті мән-жайларын анықтауға бағытталған бірқатар тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу барысы мен нәтижелері полиция департаменті басшылығының бақылауында. Нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес шаралар қабылданатын болады.