Атырауда ұлы балабақшада күйіп қалған ана тергеу созылып кеткеніне наразы. Айтуынша, оқиға болғанына 8 ай өтсе де, қылмыстық іс сотқа жетпеген. Баламның бойынан қорқыныш әлі кетпеді деген ана бөбегіне қауіп төндіргендер тезірек жазалануын талап етіп отыр.
Ақжан Нұрғазиева былтыр ұлын бір жас екі айында жеке балабақшаға берген. Жас ана бөбегіне бақша ұзақ таңдап, осы «У Петровы» бақшасына берген. Айына 90 мың теңге төлеп, шағын топта қауіпсіз өсуін қаладым дейді. Алайда 15 тамыз күні таңертең балабақша директоры һәм тәрбиешісі баланың денесі қызарып тұрғанын, түстен кейін мазасы болмай жылағанын айтып, алып кетуді сұраған. Үйге келіп, жөргегін ауыстырған кезде, күйіп қалғанын байқап, дереу жедел жәрдем шақырдым ,- дейді.
АҚЖАН НҰРҒАЗИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Ана жерде баланы апарып, бір қолымен тексермей суды беріп қалған. Неге десеңіздер баланың мүшесі машонкасы, көтені, саны күйіп қалған. Дәрігерлерге апарғанда хирургтар перевязкка жасағанда күйік деді. 2,3 ж дәрежелі. Жазулы тұр бәрі.
Бір қызығы, балабақша меңгерушісі істі жылы жаппақ болған. Баланың денесіндегі қызару үлкен дәреті мен жөргегінен деп мойындамай қойыпты. Содан бері жылға жуық уақыт өтсе де кешірім сұрамақ түгілі, баламның жағдайын сұрамады ,- дейді. Екі жас екі айға толған ұлы әлі күнге дейін судан қорқып, шырқырап жылайтынын айтады. Полиция да тергеуді созбалаңға салып, істі жауып тастай ма деп уайымдап отыр.
ЖҰЛДЫЗ ИСАМБЕРГЕНОВА, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТЕРГЕУШІСІ:
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 306 бабы 2-бөлігі қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару не сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету белгілері анықталған. Осыған балйанысты 2025 жылдың 13 наурызында аталған факт бойынша аталған қылмыстық іс қайта тіркеліп, қазіргі уатықщща сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.
Алғашында ҚК 140-бабымен басталған іс 306-бапқа ауысқан. Қашан сотқа жетері белгісіз. Ал жеке балабақша басшысымен тілдесу мүмкін болмады. Жұмыс орнында болмай шықты. Дегенмен мектепке дейінгі мекеме әлі жұмыс істеп тұр.