$516.16 €584.86 ₽6.25
×

Қызылжар өңірінде бұрын-соңды болмаған тасқынның үшінші толқыны басталды

15.04.2025ж. 20:00
177
Қызылжар өңірінде бұрын-соңды болмаған тасқынның үшінші толқыны басталды

Қызылжар өңірінде тасқынның үшінші толқыны басталды. Мұндай құбылыс тарихта бұрын-соңды болмаған, дейді сала мамандары. Әдетте екі толқыннан кейін саябырситын Есіл өзені демалыс күндері қайтадан көтеріле бастады. Бірер күнде Сергеев су қоймасында судың көлемі шарықтау шегіне жетпек. Метеорологтар дамбаның үстімен ағатын судың тереңдігі 2 метрден асып жығылады, деп болжап отыр.  

НАТАЛИЯ ЛЕВИНА, “ҚАЗГИДРОМЕТ” СҚОФ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Биыл көктем Солтүстік Қазақстан облысына тым ерте келіп, барлық қарғын су тасқынның бірінші толқынымен кетті. Ал Ақмола облысынан әдетте бір толқынмен келетін қызыл су биыл екіге бөлінді. Үшінші толқынның ең биік нүктесі Петропавлға сәуірдің аяқ жағына қарай жетеді. Төменде орналасқан ауылдарды су басуы ықтимал.