Экологтар "Таза Қазақстан" акциясына үлес қосты. Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің мамандары студенттерге ауа мен топырақ құрамын зерттеу жұмыстарының қыр-сырын түсіндірді. Болашақ сала мамандары арнайы лабораторияда болып, құрал-жабдықтармен танысты. Жылжымалы экологиялық зертхананың мүмкіндіктерін көрді. Өндіріс орнынан шығатын түтін құрамын зерттейтін дронды ұшырып, нәтижелерін өзара талқылады. Шара соңында департамент мамандары тал егіп, көгалдандыру жұмыстарына үлес қосты.
ҚУАНЫШ БӨРІБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:
«Таза Қазақстан» акциясы жылда өтікізіліп отыр. Керемет идеологиялық тұжырым болған секілді.Зертханалық талдамалы бақылау деген бөлім бар. бөлімде әртүрлі топырақ сынамаларын жүргізуге арналған құрылғылар бар. сол құрылғылармен қалай алынған өнімнің ішіндегі +ластану деректерін анықтау бойынша әртүрлі бағытта сабақтар өткізілді.