$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елде 9 840 сайлау учаскесі ашылды

AstanaTV
20.03.2016ж. 10:00
4972
Елде 9 840 сайлау учаскесі ашылды

Бүгін Қазақстан үшін айтулы күн. Халық Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарын сайлауға кірісті. Таңғы 7-де сайлау учаскелерінің есіктері айқара ашылды. «Астана» арнасының жаңалықтар қызметі өңірлер мен шетелдердегі дауыс беру процестерінен әр сағат сайын ақпарат тарататын болады. Ал дәл қазір Азамат Алдоңғаров Орталық сайлау комиссиясынан тікелей байланысқа шықты. Азамат, осы сағаттағы алғашқы мәліметтерден хабардар етсеңіз?

Азамат Алдоңғаров, тілші: 

Қайырлы таң, Ляйлә. Иә, бүгін тек алты саяси партия мен түрлі деңгейдегі депутаттық мандаттардан үмітті азаматтар үшін ғана шешуші күн емес, қазақстандықтардың да өз таңдауын жасайтын күн.  Еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларында барлығы 9 840 сайлау учаскесінің есігі белгіленген уақытта ашылды. Әдеттегідей, Батыс өңіріндегі сайлау учаскесі уақыт айырмасына байланысты бір сағатқа кеш бастап, бір сағатқа кеш тәмамдайды. Айта кетейін, дауыс беруші халық белсенділігі туралы ақпарат әр екі сағат сайын жаңарып отырады. Осы уақытта еліміздің ешбір учаскесінде заң бұзушылық тіркелмеген. Қазір Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов бізбен ақпаратымен бөлісуге дайын.

Азамат Алдоңғаров, тілші:

Екі бірдей депутат сайлауын өткізу қиындық тудырып жатқан жоқ па? Бұрынғы сайлауларға қарағанда бұл жолғы халықтың белсенділігі қалай?

Азамат Алдоңғаров, тілші:

Уақыттың тығыздығына қарамастан, біздің сұрақтарымызға жауап берген Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов. Рахмет сізге! Дауыс беру тек Қазақстан ішінде емес, шет мемлекеттерде де қатар жүріп жатыр. Ол жақтағы бір ерекшелік, сырттағы отандастарымыз Парламент Мәжілісі депутаттарына ғана дауыс бере алады. Яғни олардың қолына бір-ақ бюллетень бұйырады. Орталық сайлау комиссиясы араға уақыт салып, ақпараттарды жаңартып отыр. Ал сағат 11-де студиямен орыс тілді тілші Ботагөз Сарқұлова шығатын болады. Дәл қазір келіп түскен мәліметтер әзірге осындай, Ләйлә? 

Рахмет, Азамат. Орталық сайлау комиссиясының алғашқы мәліметтерімен таныстырған Азамат Алдоңғаров. Жаңарған ақпараттармен сағат 12-де байланысқа шығатын болады. Орталық сайлау комиссиясынан ғана емес, өңірлердегі және Түркия мен Ресейдегі тілшілеріміз де студиямен байланысқа шығатын болады.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ