Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Астанадағы Сирия келіссөзіне АҚШ өкілі қатысады - СІМ

AstanaTV
26.06.2017ж. 20:00
2418
Астанадағы Сирия келіссөзіне АҚШ өкілі қатысады - СІМ

Астанада өтетін Сирия келіссөзінің кезекті раундына АҚШ өкілі қатысады. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов айтты. Американың жоғары лауазымды өкілі Астана процесіне бақылаушы ретінде қатысады.

Кезекті келіссөз шілденің 3-і мен 4-іне жоспарланған. Оған Ресей, Түркия, Иран, Иордания мен БҰҰ Сирия бойынша арнайы елшісі Стаффан де Мистура да келетінін растаған. Бұған дейін Астана процесінде Ресей, Иран, Түркия қауіпсіздік аймағын құру туралы меморандумға қол жеткізді. Енді осындай тағы төрт аймақ құрылуы мүмкін. Бұл аймақтарда қару қолдануға тыйым салынып, гуманитарлық жүк жеткізу көзделген.