ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиевтің айтуынша, 34 табиғи өрт және құрғаған шөптің 405 өрті тіркелген. Табиғи өрттің негізгі себептері - адами фактор. Атап айтқанда, құрғаған шөпті рұқсатсыз өртеу және отты абайсыз пайдалану.
«Полициямен және әкімдіктермен бірлесіп рейдтер мен патрульдер ұйымдастырылды, 400 астам адам жауапкершілікке тартылды», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Сондай-ақ, оның айтуынша, ауылдарды төтенше жағдайлардан қорғау үшін «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы жүзеге асырылуда.
«Красная поляна, Қызылсуат, Жарсуат, Мәтібұлақ және Глуховка ауылдарында жаңа форматтағы 5 өрт сөндіру бекеті ашылды. Олар қажетті техникамен және киім-кешекпен қамтылды», – деді ТЖМ өкілі.