16 сәуірде алтын бағасы әлемдік нарықта тарихи максимум орнатты. Қазір Нью-Йорктың Comex биржасында бір унция алтын 3 312 АҚШ долларына бағаланып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Геосаяси жағдайдың шиеленісуі, инвесторлар тарапынан қауіпсіз активке деген сұраныстың артуы алтын бағасының өсуіне себеп болып отыр.
Reuters агенттігінің деректеріне сәйкес алтын АҚШ пен Қытай арасындағы сауда-саттықтың ушығуына байланысты қымбаттаған. Сарапшылардың болжауынша егер қазіргі экономикалық, гоесаяси жағдай осылай жалғаса беретін болса алтын бағасы әрі қарай өседі.