$521.9 €593.5 ₽6.39
×

Семейдегі мектептерде теракт туралы жалған хабарлама тараған

AstanaTV
16.04.2025ж. 21:59
125
Семейдегі мектептерде теракт туралы жалған хабарлама тараған

Семейдегі мектеп чаттарында террорлық актілер дайындалып жатқаны туралы жалған ақпарат таратылған.

Telegram мессенджерінде атыс қарулары, гранаталар мен оқ-дәрілердің суреттері, теракт жасалуы мүмкін делінген қала мектептерінің тізімі жарияланған арна пайда болды. Хабарламада ондаған мектептің нөмірлері көрсетіліп, қару-жарақтың суреттері салынған.

«Семей бұл күнді ұмытпайды. Біз 50 адамнан астық. Құтылып кете алмайсыңдар», – делінген хабарламалардың бірінде.

Бұл хабарламалар ата-аналар мен оқушыларды қатты алаңдатты. Абай облысы полиция департаменті теракт дайындалып жатыр деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтып, тұрғындарды дүрлікпеуге шақырды.

«Бұл ақпараттар шындыққа сәйкес келмейді және халық арасында дүрбелең туғызуды көздейді. Полиция департаменті азаматтарды сабыр сақтап, арандатушылыққа бой алдырмауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады», – делінген ведомство таратқан хабарламада.

Білім беру мекемелеріне қатысты айтылған қауіптер бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.