$516.16 €584.86 ₽6.25
×

Алматыда автобус тротуарға шығып кетіп жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

AstanaTV
16.04.2025ж. 20:00
116
Алматыда автобус тротуарға шығып кетіп жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Алматыда автобус тротуарға шығып кетіп жаяу жүргіншіні қағып өлтірді. Қайғылы жағдай  Алатау ауданында болды. Жүк көлігі  «ПАЗ» маркалы автобусты сүйреп келе жатқан. Ойда жоқта ілмек шырт үзіліп кетіп, жеке үйдің қоршауына соғылып, тротуарда тұрған адамды басып кеткен. 35 жастағы ер адам сол жерде көз жұмған.

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қазіргі таңда Алматы қалалық полиция департаменті анықтау басқармасымен қылмыстық кодекстың 345 бабы, 3 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалды.