$516.16 €584.86 ₽6.25
×

Астанада ерекше бала 2-сынып оқушысының бетіне өткір маркер сұғып алған

AstanaTV
16.04.2025ж. 20:00
118
Астанада ерекше бала 2-сынып оқушысының бетіне өткір маркер сұғып алған

Астанада  мектеп оқушысы жарақат алды. Ерекше бала 2-сынып оқушысының бетіне өткір маркер сұғып алған. Сабақ арасындағы үзілісте болған бұл оқиға ата-аналардың алаңдаушылығын туғызды. Балалардың қауіпсіздігі неге назардан тыс қалды? Мәселенің мән-жайын тілшіміз баяндайды.

Оқиға сабақ арасындағы үзілісте болған. Мұғалім кикілжіңге жарақаттан кейін ғана мән берген көрінеді. Ал мектеп дәрігері қанды тоқтатып, көз айналасына дәрі жағып үлгерген. Оқушының анасы баланың психологиялық күйзеліске түскенін айтады.

АЙГҮЛ ЖОЛСЕЙІТ, АТА-АНА:

Енді қазір кім страдать етіп отыр, кішкентай қызым страдать етіп отыр. Ыңырсып жылады түнімен, мама мынау тартылып жатыр деп.  Енді Шов, еще көздің алды оңай емес. Ешқандай гарантия бермейді, өйткені маркер грязный зат. Ол грязь порез жасағанда, полюбому ол жерде заживление долгий процесс деді.


Қазақстанда барлық балалардың білім алуға тең құқығы бар. Осыған байланысты мектептер инклюзивті білім беру жүйесімен жұмыс істейді. Десе де, қауіпсіздікке баса назар аудару керек екені осындай жағдайларда білінеді. Ал мектеп әкімшілігі екі тарапқа да тең көзбен қарап, мәселені шешеміз деп отыр.

НҰРИЛА ҚИЯҚБАЙ, А. БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ N 48 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

 
Жаза алатын мұғалімдердің барлығына жаза тағайындадық.  Қатаң сөгіс берілді, барлығы ескертілді. Міндетті түрде жұмыстар жүргізіледі. Жайдан-жай ешқандай бала қалып қоймайды. Себебі әр бала бізге құнды.  Жарақат алған қызға, барлық, қаржылық болса да, моральдық болса да, психологиялық-педагогикалық қолаудың барлық түрін жасауға біз ниеттіміз.


Ерекше баланың ата-анасы  перзентінің жалпы білім беру сыныбында оқуға рұқсатты ПМПК-дан алғанын айтады. Екі жылға берілген анықтамаға сәйкес, бұл мерзімде қосымша тексеріс талап етілмеген. Алайда осы оқиғадан кейін аталған оқушыны үйде оқытуға ауыстыру туралы жаңа анықтамаға өтініш жіберілді