$521.9 €593.5 ₽6.39
×

«Трамп 3 айда елді құрдымға кетірді», - Байден

16.04.2025ж. 20:00
87
«Трамп 3 айда елді құрдымға кетірді», - Байден

Трамп небәрі 3 айда елді құрдымға кетірді. Жеті мың адамды жұмыссыз қалдырып, олардың ақшасын байларға таратпақшы. АҚШ-тың бұрынғы Президенті Джо Байден осылай деп, Дональд Трампты айыптады. Кінә артушы жалғыз Байден емес. Мэриленд аумақтық судьясы бүкіл Трамп әкімшілігінен жауап алмақ. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.

Трамп бар-жоғы 3 айда елді құрдымға итермеледі. Экс-Президент Джо Байден осылай деп қазіргі Ақ үй басшысын қатты сынады. 7000 адамды жұмыссыз қалдырды. Бұл сойқанның соқпағын енді қарапайым халық тартады, - дейді Байден. Мемлекеттік қызметті оңтайландыру агенттігінің басшысы, миллиардер – Илон Макстыда бірінші барлығын бүлдіріп алып, артынша ойланады, оларға адам тағдыры жай ғана ойыншық деген экс-президент одан да ауыр айыптар тақты.

ДЖО БАЙДЕН, АҚШ ЭКС-ПРЕЗИДЕНТІ:

Осы жаңа әкімшілік 100 күнде барлығын күл-талқан етті. Қалайша жылдам, - деген сұрақ барлығымызды мазалайды. Неге әлеуметтік салаға сонша шүйлікті деген сұрақты қоюымыз керек. Олар, ең осал топтарды тонамақшы. Осылайша, 5 трлн доллар үнемдемек. Оны кімге береді, - десеңізші. Бұл сорақылықтың барлығы миллиардерлердің салығын азайту үшін. Қазірдің өзінде дефициттің көлемі 5 трлн доллардан асты. Оны қайдан алалады? Бұлар нағыз алаяқтар.


Трампқа судьялар да шүйлікті. Иммиграциялық органдардың шешімімен елде қалуы тиіс азаматты Трамп әкімшілігі Сальвадорға депортациялап жіберген. Жай ғана қумаған. Тікелей түрмеге тоғытты. Килмар Абрего Гарсия АҚШ-қа осыдан 1,5 жыл бұрын келген. Ешқандай заң бұзбаған. Сондықтан, Мэриленд штатындағы аймақтық судья Паула Ксенис Трамп тікелей өзі Абрего Гарсияны қайтарсын, - деп шешім шығарды.

ПАУЛА КСИНИС, АЙМАҚТЫҚ СУДЬЯ:


Трамп әкімшілігі оны қылмыскерге ұқсайды, - деп елден қуды. Менің алдымда оның қылмыстарының ешқандай дәлелін келтіре алмады. Абрего Гарсия мырза АҚШ аумағына қайтарылмаса, бүкіл әкімшілік үстінен іс қозғаймыз. Қазірдің өзінде, сот алдында жауап беруге бұйырамын.


Гарвард университеті менің алдымда кешірім сұрасын. Дональд Трамп осылай депті. Әлемдегі ең озық университеттердің бірін Палестина және Газа секторының залқын қолдағаны үшін мемлекеттік гранттардың күшін жойған. Атап айтсақ, 2,2 млрд доллар бөлінген қаражатты тартып алған. Осылайша, мемлекет есебінен оқып жатқан студенттер далада қалуы мүмкін.

КЭРОЛАЙН ЛЕВИТТ, АҚ ҮЙ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Президент Гарвард университеті кешірім сұрасын деп талап етті. Өзінің алдында және барлық америкалық еврейлерден кешірім сұрасын. Америкалық салық төлеушілер 50 млрд ақшасы бар оқу орнынан не үшін қаржыландыру керек? Не себепті біз антисемитизм жайлаған жерге ақша береміз? Осыдан кейін де, антисемиттік наразылық акцияларына қарсы шара қолданылмаса, біз бұдан да қатаң шара қолданамыз.


Айта кетейік, бұндай қауіп Гарвардтан бөлек, «Шырмауық Лигасына» кіретін 7 өзге озық университеттерге төніп тұр. Осы оқу орындары Палестинаны қолдай берсе, көздерін құртамын деп, Трамп Президент болмай тұрып сес көрсеткен еді.