$521.9 €593.5 ₽6.39
×

Сессия басталғалы Мәжіліс 62 заң қабылдады

16.04.2025ж. 20:00
97
Сессия басталғалы Мәжіліс 62 заң қабылдады

Депутаттардың өңірлерге іссапарлары кезінде азаматтардан түскен арыз-шағымдарды мемлекеттік органдардың қарауы, Президенттің саяси реформаларын жүйелі жүзеге асыру мәселелері пленарлық отырыстарда тұрақты талқыланып келеді. Мемлекет басшысының қабылдауында болған Ерлан Қошанов осылай деді. Сессия басталғалы Мәжіліс 62 заң қабылдаған. Президент 55 заңға қол қойды. Олардың қатарында Су кодексі, Қаржы нарығын дамыту, денсаулық сақтау және ойын бизнесі туралы маңызды заңдар бар. Сондай-ақ, Мәжіліс спикері "AMANAT" партиясының «Қарызсыз қоғам», «Ауыл аманаты», «Жер аманаты», «Әкімдер мектебі» жобаларының жүзеге асырылу барысын таныстырды.Парламенттік дипломатия аясында атқарылған жұмыстарға тоқталды.