$516.16 €584.86 ₽6.25
×

Мемлекет басшысы "Яндекс Global" компаниясының бас директорын қабылдады

AstanaTV
16.04.2025ж. 20:00
104
Мемлекет басшысы "Яндекс Global" компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы "Яндекс Global" компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады. Онда Президент қазақ тілі мен мәдениетін цифрлық кеңістікте ілгерілету маңызды екенін айтты. Сондай-ақ Yandex Qazaqstan компаниясының цифрлық трансформацияға, шағын және орта бизнесті қолдауға, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға қосқан үлесіне жоғары баға берді. Жалпы платформа арқылы 65 мыңнан астам автокөлік жүргізушісі «Яндекс. Такси» серіктесі ретінде жұмыспен қамтылған. Былтыр компания елімізге 30 миллиард теңгеге жуық салық төлесе, 2016 жылдан бері Қазақстан экономикасына 225 миллиард теңгеден астам инвестиция құйыпты.