$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Елде есірткі егуге рұқсат берілуі мүмкін

16.04.2025ж. 20:00
427
Елде есірткі егуге рұқсат берілуі мүмкін

Елде есірткі егуге рұқсат берілуі мүмкін. Дәлірек, қарасора өсімдігін өндірістік мақсатта пайдалануға мүмкіндік тумақ. Тіпті, Үкімет мұны заңды түрде реттеуді ұсынып отыр. Осы арқылы шетелдік инвесторларды тарту жұмысы алға жылжиды дейді. Бірақ депутаттардың бұған күмәні бар. Елге миллиард әкеледі деп жүргенде мыңдаған адамның өмірін құртып алмаймыз ба деп алаңдаулы. «Егіп алып, ертең қайта өртеп жүрмесімізге кім кепіл» деп дабыл қақты.

ЕРЛАН САИРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мемлекетаралық шекараның барлығы қазір ашық. Сондықтан Қазақстан есірткіге байланысты тәуекел кеңістігіндегі азаматтарға тартымды елге айналып кетпей ме деген сұрақ бар. Ертең «я не курью, но я балдею» деп қоғам белгілі бір экстазға кетіп қалмай ма?


Ішкі істер органдарының қызметіне қатысты Заң жобасында 16 заңға өзгеріс енгізу қарастырылған. Енді қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан құқық қорғау, арнайы мемлекеттік орган  және әскери қызметшілердің отбасыларына ай сайынғы төлемдер берілетін болады. Бұдан бөлек, «Жергілікті полиция қызметі» деген ұғым жойылады.

САНЖАР ӘДІЛОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:


Заң жобасы аясында 16 заңға өзгеріс енгізу қарастырылған. Атап айтқанда, тиісті саланы реттеу жөніндегі негізгі мақсаттар мен міндеттерді, құзырет қағидаттарын және өкілеттіктерін белгілеу қамтылған. Алқалы шешім қабылдауды талап ететін және ведомстваралық сипаттағы мәселелер бойынша Үкіметтің құзыретін айқындау ескерілген. Ішкі істер органдарының нормативтік-құқықтық қабылдау бойынша жалпы құзыретін айқындау қарастырылған.