$516.16 €584.86 ₽6.25
×

Тұрғындарға қызмет көрсету сапасы жақсарады

16.04.2025ж. 20:00
131
Тұрғындарға қызмет көрсету сапасы жақсарады

Енді пәтер иелері кооперативі тұрғындар алдында есеп береді. Бұл  заңмен бекітілмек. Аталған жоба Мәжілісте алғашқы қаралымда мақұлданды. Бүтін бір тұрғын үйді басқарып отырған кооперативтердің де пікірі ескерусіз қалмайды. «AMANAT» партиясы осы мәселе бойынша жұмыс тобын құрып, жан-жақты ойларды бір арнаға тоғыстыруда. Осының арқасында биылдан бастап «Тұрғындар Аманаты» жобасы қолға алынды. Тұрғындардың өмірін бұдан да қолайлы қылуға арналған осы бастама аясында, қазірдің өзінде 538 кооператив өкілі қосымша оқытудан өткен.  

МҰХАММЕД БОЛЫСБЕК, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Бірінші кезеңде шақырып оқытсақ, екінші кезеңде барлық кооператив иелеріне тиісті мәселелерді тұрғындардың алдына шығып, осы мәселелерді көтеретін боламыз. Үшінші кезең – тұрғындардың белсенділігін арттыру, яғни, әлеуметтік жобалар, соның ішінде, халық қатысатын бюджет, тұрғын-үй модернизациясы сияқты осындай әлеуметтік жобаларға белсенділікке шақыру бойынша жұмыстарды атқаратын боламыз.