Ақтөбенің Алға ауданы Бесқоспа ауылы тұрғындары жиырма жылдан бері жол азабын тартып келеді. Ауылға қатынайтын жол жоқ. Көктем мен күзде қатынас тіпті қиындайды. Жолдың барлығын су шайып кетіп, көліктер балшыққа батады. Ал ауылға баратын жалғыз көпірдің өзі жарылып, құлағалы тұр. Облыс орталылығынан қырық шақырым ғана жерде орналасқан ауыл тұрғындарының жанайқайын тілшіміз Бақыт Қазанғапқызы тыңдады.
Бесқоспа ауылында тоқсаннан астам үй бар. Бес жүзден астам халық тұрады. Ауылда 11 жылдық мектеп, емхана бар.Бірақ жол жоқ. Тұрғындар Жаңбыр жауса апталап қалаға қатынай алмайды.
ЖАББАСҚАЛИ ОМАРОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:
Осы жол жағдайында мықты азап көріп отырмыз. Әсіресе жазғытұры, күзді күні жаңбыр жауғанда бізге қиыншылық туады. Жұмысқа бара алмайды. Ауырып сырқап қалсақ больницаға жеткізе алмаймыз. Жаңбыр жауған уақытта тіпті аяқ басып жүре алмаймыз. Кішкентай көпірді көрдіңдер ме содан шыққаннан кейін батпаққа батып жатамыз.
НҰРЛЫБЕК БАЛЫМБЕТОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:
Барлығы сүт сатады. Қалада жұмыс істейді. Осы күнкөрісіміз күнде қатынайтын. Біреулер жол болмаса жаяу кететіндер бар. Судың кезінде болды. Осында ауырып қалып апара алмаған жағдайлар болды. Сонымен жаңағы акиматқа шғып, чс немен жағдайлар болып тұрады. Осы анау құрғаған түрі. Жаңбырда сіздерге келу невозможно трактормен әкелмесек.
Ауыл тұрғындарының көпшілігі қалада, көршілес Бестамақ ауылда жұмыс істейді. Балалары көрші ауылға балабақшаға барады. Бұл сазға иленіп жатқан жер жолмен Бесқоспа, Қызыл ту және Табантал ауылдары қатынап отыр.
НҰРЛЫБЕК БАЛМАНОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:
Әуре боламыз. Сол жерден өте алмаймыз. Алды арты істетін машиналар ғана жүреді. Адам қолынан келетін нәрсе анау жерге құм төсеу, жаңағы тас төсеу деген секілді ғой. Тым болмаған да биіктету.
БАҚЫТ ҚАЗАНҒАПҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
Бұл- Бесқоспа ауылына баратын жалғыз көпір. Көпір он жыл бұрын салынған. Қазіргі күні темір көпір әр жерінен жарық түсіп, апатты жағдайда тұр.
Көпір үш жыл бұрын жаңартылатын болған. Бірақ қаражат бөлінбей мәселе аяқсыз қалыпты. Жауапты мамандар жол мәселесінен де хабардар.
ҚУАНДЫҚ ҮСЕНҒАЛИЕВ, АЛҒА АУДАНДЫҚ ТҮКШ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Бесқоспа ауылына баратын баратын 5 км қиын деген учаскелерге аудандық бюджеттен қаржы қарастырып, қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілетін болады. Үлкен оңтүстік айналма жол жұмыстары осы Бесқоспа ауылының тұсымен өтеді. Соған сәйкес бүгінгі күні техникалық экономикалық негіздемелер жасалып, қазіргі күні сараптамадан өтіп жатыр.
Жауаптылар маусым айында ауылға уақытша шиыршық тастан жол салынады деп сендірді. Бірақ ауыл тұрғындары осы күнге дейін талай рет төселген шиыршық тастан қайран болмайтынын айтып, асфальт төселуін талап етіп отыр.