Алматыда әскерилер соғыс ардагерін ғасырлық мерейтойымен құттықтады. Иван Бегунов - Ақтөбе облысынан майдан даласына аттанған. Украина майданында 228-ші гвардиялық атқыштар полкінің құрамында соғысты, пулеметші болған. Еуропаны азат етуге атсалысты. Жеңісті ол 1945 жылы мамырда Прагада қарсы алған. Ғасыр жасаған майдангердің құрметіне арнайы оркестр соғыс әндерін орындады. Ардагер бұл құрметке шексіз ризашылығын білдірді.
ИВАН БЕГУНОВ, СОҒЫС АРДАГЕРІ:
Өзімді керемет сезініп тұрмын. Кейінгі ұрпаққа айтарым өздерінің борыштарын адал атқаруына тілектеспін. Аспанымыз ашық болсын!
САЙРАН ОМАРБЕКОВ, МЕДЕУ АУДАНДЫҚ КІЖБ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
100 жас мерейтой бұл- тек қана жеке мереке ғана емес. Бұл- тірі тарих парағы. Мұндай жандардың біздің арамызда өмір сүруі нағыз патриотизм. Ерліктің және отанға деген адалдықтың жарқын үлгісі деп білеміз.