$521.9 €593.5 ₽6.39
×

"Оның еңбектері қазақстандық ғылыми ортада ғана емес, алыс-жақын шетелдерде де үлкен резонанс туғызды",-ғалым

16.04.2025ж. 20:00
145
"Оның еңбектері қазақстандық ғылыми ортада ғана емес, алыс-жақын шетелдерде де үлкен резонанс туғызды",-ғалым

Астанада Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде отандық журналистиканың мэтрі, филология ғылымдарының докторы, профессор,  Намазалы Омашұлымен кездесу өтті. Намазалы Омашұлы  қазақ радиосының тарихын 1921 жылдан басталатынын дәлелдеп,  қазақ радиожурналистикасының негізін қалады. Оның еңбектері қазақстандық ғылыми ортада ғана емес, сонымен қатар алыс-жақын шетелдерде де үлкен резонанс тудырған. Шараға ғалымның замандастары, әріптестері, шәкірттері және студенттер қатысты. Сондай-ақ білім алушылар проффесорға журналистика саласы жөнінде көкейдегі сұрақтарын қойып кішігірім сұхбат өткізді. Кездесу соңында  Намазалы Омашевтың «Өнегелі өмір» кітабының лентасы қиылды.

МҰРАТБЕК ТОҚТАҒАЗИН, Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ЖУРНАЛИСТИКА ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ:

 

Радиожурналистиканың зерттеген өте ірі - маман. Кезінде Мәскеудегі мемлекеттік университетте  кандидаттық диссертациясын қорғады. Соның нәтижесінде еңбектері мен оқулықтары жан-жақты осы ТМД елдерінің көптеген жоғары оқу орындарында оқытылып жатыр.