Әлемге аты танылған әнші Димаш Құдайберген жақында Stranger концерті еліміздің кинотеатрларынан көрсетіле бастайтынын жариялады., деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды.
"Құрметті достар! 27 мамырда Қазақстанның барлық кинотеатрларында STRANGER жеке концертімнің премьерасы өтеді! Бұл күні мен де сіздермен бірге тамашалаймын! Жақында Алматыда кездескенше, Dears", деп жазды ол желіде.
Бұл жаңалықты әнсүйер қауымы қуана қабылдады.
Бұған дейін хабарланғандай, 26 мамырда Almaty Astana стадионында қазақстандық әнші "D and Dears" фан-кездесуін өткізеді. Аталған іс-шара Димаштың туған күніне орайластырылған.