×

Ақмола облысында жарықсыз қалған ауылға құтқарушылар көмекке келді

AstanaTV
17.04.2025ж. 09:23
205
Ақмола облысында жарықсыз қалған ауылға құтқарушылар көмекке келді

Ақмола облысының Астрахан ауданында Қалқұтан өзені тасып, екі электр бағаны құлады. Салдарынан Ягодное ауылы жарықсыз қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарықсыз қалған ауылға ҚР ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері алғашқы болып көмекке келді.

"Электр желісі жұмысшыларымен бірге олар жүзу құралынан тікелей қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылдарының арқасында ауылдағы электрмен жабдықтау қалпына келтірілді. Жарық беріліп, адамдар үйлеріне оралды", делінген ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.