Калифорния штатының Сан-Луис-Обиспо қаласында тұратын үй-күйсіз ер адам лотереядан 1 миллион доллар ұтып алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол жеңімпаз билетіні штаттың орталық жағалауындағы Sandy's Deli-Liquor шарап дүкенінен сатып алған.
The Guardian басылымының хабарлауынша, ер адамның аты-жөні жария етілмеген. Алайда ол осы дүкенге жиі келетін тұрақты клиент болған.
Алғашында ер адам 100 мың доллар ұттым деп ойлаған, бірақ Самаан нақты соманы – 1 миллион доллар екенін растаған. Ер адамның көлігі болмағандықтан, дүкен менеджері оны Фресно қаласына апарып, ұтыс билетін пошта арқылы емес, жеке тапсыруына көмектескен.
Жеңімпаз бұл ұтыстың өмірін түбегейлі өзгерткенін айтып, ақшаны осы өңірден үй сатып алуға бастапқы жарна ретінде пайдалануды және автокөлік алуды жоспарлап отырғанын жеткізді.
Ер адам жеңісті Triple Red 777 сәтті билетінің арқасында иеленген. Калифорния лотереясының мәліметінше, бұл билетпен миллион доллар ұту ықтималдығы – 2 047 423-ке 1.