Қайғылы жағдай Аягөз ауданы Ақшәулі ауылында орын алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Шаруа қожалығының 3 жұмысшысы ағаш аспалы көпір арқылы мотоцикл алып өтпек болған.
Куәгерлердің айтуынша, марқұмдар тепе-теңдік сақтай алмай, барлығы өзенге құлап кеткен.
Құтқарушылар кеше 1980 және 1978 жылы туған 2 азаматтың денесін тапты. Артынша, 1967 жылы туған үшінші ер адамның мәйіті судан шығарылды.
Абай облысының Полиция департаменті тергеу амалдарын қолға алды.