Емшек сүтінің жеке банкі Алатының Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Емшек сүтінің жеке банкі – бұл қарқынды терапияны қажет ететін жаңа туған нәрестелерді қолдауға бағытталған маңызды бастама. Аурухана жағдайында, нәресте әртүрлі себептермен анасынан емшек сүтін ала алмаған кезде (мысалы, қиын босану кезіндегі медициналық көрсетілімдерге байланысты), мұндай банк таптырмас ресурсқа айналады.
Қазақстанда алғаш рет жаңа жоба іске қосылуда: Емшек сүтінің жеке банкі. Бұл маңызды әлеуметтік жоба ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен және AYALA қайырымдылық қорының қолдауымен іске асырылуда, ол ең осал пациенттердің: табиғи тамақтануды тікелей анасынан ала алмайтын ерекше медициналық қажеттіліктері бар шала туған және жаңа туған нәрестелердің өмірін сақтауға бағытталған.
Банк стерилді ыдыстарға жиналған және емшек сүтімен қоректендіру мүмкін болмаған кезде баланы тамақтандыру үшін төмен температурада сақталатын сауылған сүт қоры болып саналады. Мұнда салқындатылған (4 ± 2 °C температурада сақталған) және мұздатылған (-18...-20 °C температурада) сауылған табиғи (шикі) сүтті сақтауға болады.
Болашақта Денсаулық сақтау министрлігі жоғары қауіпті факторлары бар жүкті әйелдер келетін және шала туған және салмағы аз балалар туатын елдің әрбір 3-ші деңгейдегі перинаталдық орталығында осындай банктер ашуды жоспарлап отыр.