Алматы халықаралық әуежайы рейстер кестесіндегі уақытша өзгерістерге байланысты жолаушыларға үндеу жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл өзгерістер Астана үстіндегі әуе кеңістігін пайдалануға шектеулер енгізілуіне байланысты. Әуе компаниясының баспасөз қызметі Қорғаныс министрлігінің ресми ақпаратына сәйкес, 2025 жылдың 22 сәуірі мен 7 мамыры аралығында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін Астанада әскери парадқа дайындық пен оны өткізу кезінде әуе кеңістігі жабық болатынын еске салды.
Бұл Астанаға және Астанадан ұшатын кейбір рейстердің, соның ішінде Алматы бағытындағы рейстердің кестесіне өзгеріс енгізуге себеп болады. Жолаушылардан сапарларын жоспарлау кезінде осы шектеулерді ескеруді сұраймыз. Кесте өзгерісіне іліккен рейстердің жолаушыларына әуе компаниялары брондау кезінде көрсетілген байланыс деректері арқылы қосымша хабарлайды, – делінген баспасөз хабарламасында.
Сонымен қатар, рейс мәртебесін әуе компаниялары мен әуежайдың анықтама қызметтері арқылы алдын ала нақтылап алған жөн.
Алматы халықаралық әуежайының анықтама қызметі:
+7 (727) 270 33 33
+7 (727) 270 48 49
Air Astana:
+7 (727) 244 44 77
WhatsApp: +7 702 702 00 74
FlyArystan:
+7 (727) 331 10 10
WhatsApp: +7 702 702 02 27
SCAT Airlines:
+7 (7252) 99 88 80
Qazaq Air:
+7 (727) 356 14 14