$521.9 €593.5 ₽6.39
×

Елордадағы дәмханада уланғандар саны 20-ға жетті: тергеу жүріп жатыр

AstanaTV
17.04.2025ж. 17:44
79
Елордадағы дәмханада уланғандар саны 20-ға жетті: тергеу жүріп жатыр

 Кеше елордадағы «Көктем» дәмханасынан ас ішкен адамдардың ішек инфекциясынан жаппай улану жағдайы тіркелді.

Бұл туралы Астана қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Жанна Пралиева мәлім етті.

— Бүгінде астан уланғандар саны 20 адамға жетті, оның 11-і бала. Аталған факті бойынша дәмханада эпидемиологиялық тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Зертханалық зерттеулерге тағам өнімдері, сыртқы ортадан алынған жұғындылар, сондай-ақ қызметкерлер тексерілді, — деді Жанна Пралиева.

Қазір зертханалық сынақ нәтижелері әзірленіп жатыр. 

— Тергеу және эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр. Сондай-ақ, жаппай улану жағдайының тіркелуіне байланысты полиция басқармасы тарапынан сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, — дейді ол.

Бұл туралы kaz.inform.kz хабарлайды.