$521.9 €593.5 ₽6.39
×

"Мемлекет басшысының тағы бір бастамасы жүзеге асырылды", - Е.ҚАРИН

AstanaTV
17.04.2025ж. 18:27
111
"Мемлекет басшысының тағы бір бастамасы жүзеге асырылды", - Е.ҚАРИН

Мемлекет басшысының тағы бір бастамасы жүзеге асырылды. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасына осылай деп жазды.

«Хандар шежіресі» қолжазбасы ЮНЕСКО-ның халықаралық «Әлем жады» тізіміне енгізілді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында еліміздің деректі мұраларын сақтау бағытындағы жұмысты жандандыруға қатысты нақты тапсырма берген болатын.

«Хандар шежіресі» қолжазбасы – XVIII ғасырда жазылған, ұзындығы 3 метрден асатын бүктеме қағаз түріндегі құжат.

ЮНЕСКО мойындаған бұл бірегей артефакт қазақ елін басқарған хандардың шежіресі бай екенін аңғартады. Сонымен қатар VI-XIX ғасырларда өмір сүрген тарихи тұлғалардың шығу тегін және олардың өзге халықтармен қалай байланыс орнатқанын түсінуге мүмкіндік береді", -  деді ол.

Сондай-ақ, ол бұған дейін ЮНЕСКО тізіміне Қожа Ахмет Яссауидің қолжазбалары, «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысы туралы мұрағат материалдары, сондай-ақ Арал теңізінің мұрағат қоры енгізілгенін жазған.