Пышақтап, өртеп жіберген. Шымкентте шешесін өлтірген жігітке сот үкім шығарды. Бірақ айыпталушы денсаулығына байланысты сотқа қатысқан жоқ. Еске салайық, ауыр қылмыс биылғы қаңтар айында болды. 54 жастағы мүгедектігі бар анасын ұйықтап жатқан жерінде бірнеше рет пышақтап, қылмысын жасыру үшін аулаға шығарып өртеп жіберген. Медициналық сараптамалар 31 жастағы жігіттің шизофрениямен ауыратынын дәлелдеген. Алайда, адам өлтіру бабымен айыпталған күдікті сотта жауаптылықтан босатылды. Оған оның қауiптi іс-әрекеттi жасаған кезінде есi дұрыс емес күйде болғаны себеп болды.
ӘБИНУР ҚАРАБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:
Жолдыбаев Дархан ҚК 16-бабына сәйкес қоғамға қауіпті әрекет жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болғанына байланысты қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 3-тармағында көзделген қоғамға қауіпті әрекет жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылсын! Жолдыбаевқа интенсивті байқайтын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық-стационарда мәжбүрлеп емдеу түрі тағайындалсын!