$516.16 €584.86 ₽6.25
×

Абай облысында аспалы көпір үзіліп, 3 адам көз жұмды

AstanaTV
17.04.2025ж. 20:00
89
Абай облысында аспалы көпір үзіліп, 3 адам көз жұмды

Абай облысында қайғылы жағдай. Аягөз ауданына қарасты Ақшәулі ауылында үш азамат суға кетті. Олар мал іздеп жүріп, Қаракөл өзенінен өтпек болған. Ағаштан жасалған көпір салмаққа шыдамай, опырылып түскен. Куәгерлердің айтуынша, мотоциклмен жүргенде  тепе-теңдік бұзылып, барлығы суға құлаған. Құтқарушылар алдымен 1980 және 1978 жылы туған екі адамның денесін тапты. Ал 58 жастағы үшінші малшының мәйіті сол күні түстен кейін ғана табылды. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.