$516.16 €584.86 ₽6.25
×

Қытай «Сауда соғысында» Трампқа қарсы одақтас іздеп жатыр

17.04.2025ж. 20:00
73
Қытай «Сауда соғысында» Трампқа қарсы одақтас іздеп жатыр

Трампқа қарсы одақ құрайық. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде мемлекеттік сапармен жүрген Қытай басшысы осындай ұсыныс жасады. Си Цзиньпин Трамптың тариф саясатына қарсы бірлесе күресу керек дейді. Трампқа өз елінде де қарсылар жеткілікті. Заңды жолмен жүрсе де, латынамерикалық азаматтарды елден қуып, сот шешімі шықса да қайтармай жатыр. Сол үшін бірнеше штаттың аймақтық судьялары Трамп әкімшілігіне қарсы іс қозғады. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.

Қытай Трампқа қарсы одақтастар іздеп жатыр. Осы орайда Си Цзиьпин Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне турне жасауда. Осыған дейін Вьетнамға сапар шеккен компартия төрағасы Малайзияда ұзақ тұрақтады. Әлемдегі ең үлкен тарифке тап болған Қытай өзгелерді АҚШ соқпағынан бұғып қалмауға үгіттеуде. Себебі, сауда-соғысында жалғыз өзінің шамасы жетпейді, - дейді сарапшылар.

СИ ЦЗИНЬПИН, ҚХР ТӨРАҒАСЫ:

Сауда соғысында жеңімпаз болмайды. Ал, протекционизмнің соңы жаман аяқталады. Біздің өңір елдері бірлесе күресуіміз керек. Жаһандық сауда және өндірістік үрдістер өз қалпында қалуы керек. Күш көрсету мен қорқытуға біз имене қоймаймыз.


Судьялар Трамп әкімшілігіне қарсы іс қозғады. Иммиграциялық мәртебе беріліп, елде заңды жүрген азаматтарды Сальвадор түрмесіне қаматып қойып, оларды қайтар деген шешімге бағынбаған АҚШ Президенті қайтадан сот алдында жауап беруі мүмкін. Бұл шешімді кейбір сенаторлар да қолдайды. Мэриленд штатының өкілі – Крис Ван Холлен өз аяғымен Сальвадорға барса да, түрмеге тоғытылған Килмар Абрего Гарсиямен кездесе алмағанын айтып ашулы.

КРИС ВАН ХОЛЛЕН, АҚШ КОНГРЕССІНІҢ СЕНАТОРЫ:

Біз Абрего Гарсия мырза үшін соңына дейін күресеміз. Сальвадор билігі Трамппен ауыз жаласып алған. Мен заңсыз қамауға алынған азаматтың денсаулығы мен жағдайы туралы білгім келді. Бірақ, мені кіргізбеді. Ең болмағанда отбасымен телефон арқылы сөйлестірейік, - деп өтіндім. Ол да жауапсыз қалды.


Айта кетейік, Трамп таққа отырғалы шыққан тегі венесуэлалық 238 және сальвадорлық 23 адамды депортациялады. Бірақ, барлығы Сальвадордағы СЕСОТ түрмесіне қамалды.