$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Лайк баспаған қызметкерлер жұмыстан қуылып жатыр

17.04.2025ж. 20:00
201
Лайк баспаған қызметкерлер жұмыстан қуылып жатыр

Лайк баспағаны үшін жұмыстан қуған. Шымкент қаласындағы “Жастар ресурстық орталығының” қызметкерлері шу шығарды. Олар ішкі ахуал мәз емес деп, шағым түсірген. Басшылық әлеуметтік желідегі белсенді емес азаматтарға себепсіз ескерту жасап, лүпіл баспағандарды қудалаған. «Өзекті» айдарының бүгінгі шығарылымында Аружан Задабек осы тақырыпты қозғамақ. Бірге көрейік.

Қайырлы кеш, көрермен! Өзімді де, өзгені де алаңдатқан «Өзекті» тақырыптарды бірге талқылаймыз. Экраннан алыс кетпеңіз.

Өткен эфирлердің бірінде әкім болса, Шымкент қаласының әкіміндей-ақ болсын деп үлгі еткеніміз естеріңізде болар. Көз тиді-ау шамасы! Шаһардағы қызметкерлер бас көтеріп жатыр. “Жастар ресурстық орталығында» жұмыс істейтіндер «бізге лайк баспағанымыз үшін ескерту жасап, жұмыстан қумақ» деп шу шығарды. Тіпті, осылай дәлелдерді көрсетіп, көмек сұраған.

БЛИЦ:

- О, тоба! Жүре берсең, көре бересің деген осы екен ғой.
- Дұрыс, лайк басу керек еді. Сонда қудаланбайды. Не масқара лайк баспау деген. Халық хауы ол деген. Не деген топастық лайк баспадың деп... Айтар сөз жоқ.
- Иә, дұрыс бұл мәлімет. Жұмыста да осы жағдай. Лайк баспасаң сөгіс алып, болмайтын нәрсеге қудалап. Дұрыс емес нәрсе бұл. Для галочки жұмыс жасатып жатыр мектептерді де, басқа жұмыс орындарын да.


Ал, мына бейнежазбада желідегі белсенді әкімдік қызметкерінің түскі үзіліске жарты сағат бұрын шыққанын жазып алған. Шамасы желідегілер «қылмыскерді ұстаған адамдай» құрмет көрсетеді деп ойлады-ау. Сөйтсек, оқырмандар, керісінше, керім қыздың келбетіне тамсанып әлек.

БЛИЦ:

- Қыздың инстасы бар ма? Ұрсайын деп едім.
- Фигурасы күшті екен.
- Әкімнің вкусы жаман емес.


Бұл видеоны көріп, 30 минутта тұрған не бар деп ойлауыңыз мүмкін. Мен де солай пайымдағанмын. Сөйтсек жарты сағат ерте шыққан былай тұрсын, бір минут бұрын қайтқан қызметкерлер жұмыстан шығырылып жатыр екен. Оқиға бізде емес, Қытайда болған. Гуандун провинциясында тұратын Ван есімді әйел жыл ішінде алты рет жұмыстан бір минут ерте кеткен. Мұндай қаталдықты Абай облысына жаңадан барған әкім Берік Уәлиден де байқадық. Басшы қаланы күл-қоқыстан тазарту ісіне көңілі толмай, қызметкерге оңдырмай ескерту жасаған. Бұл жиналыс әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Бәрін айт та, бірін айт. Әйтеуір халық әкім жұмысына риза.

БЛИЦ:

- Қаланың шет жақ аудандары мүлдем қаралмайды. Тек акиматтың маңын жалтырата береді. Берік Уәли мырза, осылай көңіл бөліп, жұмыс істетіп жатқаныңызға рақмет!
- Әп, бәрекелді! Қаланы қоқыстан тазалау керек. Толықтай қолға алып, қысып ұстаңыз, тәртіп арқылы сонда ғана нәтиже бере бастайды.
- Әне, айттық қой. Жұмыс басталды. Біраз уақыттан кейін бәрін реттейді.


Құрметті көрермен, бүгінге осы. Әкім не басшы болмасам да, айтқан ақпаратым ұнаса, лайк басуды ұмытпаңыз. Келесі кездескенше!