$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарларын қабылдады

17.04.2025ж. 20:00
220
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарларын қабылдады

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарларын қабылдады. Президент қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыру ісінде Қазақстан халқы Ассамблеясы  ерекше рөл атқаратынын атап өтті. Кездесу барысында Президентке Ассамблеяның алдағы 34-ші сессиясына дайындық барысы және аталған институттың 30 жылдығы аясында өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат берілді. Мемлекет басшысы мерейтойлық іс-шараларды ұйымдастыруға Ассамблеяның барлық этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарын кеңінен тарту маңызды екеніне назар аударды. Кездесу соңында Президент этносаралық қатынастарды одан әрі жетілдіру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.