$516.16 €584.86 ₽6.25
×

Жол ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұлдарға 50% жеңілдік жасалмауы мүмкін

17.04.2025ж. 20:00
114
Жол ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұлдарға 50% жеңілдік жасалмауы мүмкін

Жол ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұлдарға 50% жеңілдік жасалмауы мүмкін. Сенатор Марат Қожаев Премьер-министрге осындай ұсыныс тастады. Алайда бұл барлық жүргізушілерге емес, жол ережесін жүйелі түрде өрескел бұзған азаматтарға ғана қатысты болмақ. Жылына жүздеген жүргізуші орта есеппен 300-ден астам бұзушылық жасайтын көрінеді. Қожаевтың сөзінше, депутаттың бұл ұсынысы Үкімет басшысы тарапынан қолдау тапқан.

МАРАТ ҚОЖАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Кейбір азаматтар күн сайын автобус жолағымен жүре алады, қоғамдық көлікке кедергі жасайды, жылдамдық режимін бұзады және оны әдейі жасауы да мүмкін. Ауқатты отбасылардан шыққан, қымбат көлік мінген жас жігіттер өздеріне осылай «ақылы жолдар» жасап алған. Олар үшін айыппұл төлеу түк емес. Әрі қарай айналаға қауіп төндіріп жүре береді.