$516.16 €584.86 ₽6.25
×

Атырау қаласының іргесіндегі ауыл оқушылары 15 жылдан бері жан-жақта сабылып білім алып жүр

17.04.2025ж. 20:00
100
Атырау қаласының іргесіндегі ауыл оқушылары 15 жылдан бері жан-жақта сабылып білім алып жүр

Атырау қаласының іргесіндегі ауыл  оқушылары  15 жылдан бері жан-жақта сабылып білім алып жүр. Өйткені Көктем ықшамауданында  бір де бір мектеп жоқ. 4 жыл бұрын басталған орта мектеп құрылысы бітер емес. Шенділер пайдалануға беру мерзімін түрлі сылтаумен  қайта-қайта шегеріп келеді. Балаларын шалғайда тасып шаршаған жұрт білім ордасының жанына жиналып, тезірек бітіруін талап етті.

Құны 3 млрд теңгеге бағаланған 600 орындық мектеп құрылысы  - бұл.  3 мыңнан астам халық тұратын Көктем ықшамауданы халқы асыға күткен  жалғыз мектеп. Тұрғындардың  айтуынша, пайдалануға беру мерзімі үш мәрте шегеріліпті.  15 жылдан бері ауылдың мектеп жасындағы балалары  тарыдай шалылып, жан-жақта оқып жүр.  Үш ауысымдық мектептерден қас қарайғанда шығып,  үйге жеткенше түн ортасы болады,- дейді жиналғандар. Ауыл тұрғындары қанша уақыттан  қозғалыссыз тұрған құрылыс халық жиналарда ғана жанданғанына өкпелі.

СӘУЛЕ ӘЖІҒАЛИЕВА, КӨКТЕМ ЫҚШАМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Ешқандай жұмыс жүріп жатқан жоқ. міне, показуха, жаңа кісілер айтып жатыр. Өтірік техникаларды әкеліп, кісілерді жалдап қойып қойған. Әкімнің де өзінің көзі тұр. Жылда өтірік уәде, мына жерге тақтасын ілді, 2021де басталды, 2022де  аяқталады деді. Одан 2023те аяқталады деді. Ең соңында вывесканы алып тастады. Мынау 2025тің қыркүйегінде бітетін мектепке ұқсамайды. Қараңыздаршы, бітетін мектепке ұқсай ма?


РАШ НАСЫРОВА, КӨКТЕМ ЫҚШАМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Қай уақытта бітеді. Тасы да дұрыс қаланған жоқ. Оның іші салыну керек. Балалар өсіп қалды.  Балалар бітіріп тастайды ғой мектепті. Сонда қай уақытта қызығын көреміз?


Тапсырыс беруші құрылыс басқармасындағылар болса, құрылыс материалдарының қымбатсуына байланысты, жобаға түзетулер енгізіліп жатқанын айтады. Айтуынша, мерзімінен шегеруге сол түрткі болған. Яғни,  қазынадан тағы қосымшымша 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінбек. Мердігер компания өкілі болса, құрылыстың 70 пайызға жуығын аяқтағалғанымен, тапсырыс беруші қаржыны толық төлемей отыр,- деп шындықты аша салды.

ЕРНАР ҚАБЫРБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:


Ағымдағы жылдың  маусым айында экспертиза қорытындысын алып,  құрылысын әрі қарай жалғастыруға жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда құрылыс монтаж жұмыстары тоқстағанн жоқ. Қыркүйекте аяққтау жоспарланып отыр. Ғимаратты көзбен көріп тұрсыздар ғой. Ақша жұмсалып,  60 пайызға жұмыс аяқталып тұр.


АҚЖОЛ ЖАРАС, МЕРДІГЕР КОМПАНИЯ ӨКІЛІ:


Тапсырыс берушін бізге  жалпы қаржының  27 пайызы  төленіп тұр. Енді біз қазір өзіміздің компанияның қалтасынан өзіміз жұмыс жасап жатырмыз. Сол себепті біздің тараптан  жұмыс жәй жүріп жатыр. 800 млндай алдық.


Шенділер де, мердігер де  келер жылдың қыркүйегінде пайдалануға беріледі,- деп жиналғандарға уәдені үйіп-төкті. Алайда желге ұшқан уәдеге сенуден қалған көктемдіктер құрылысты күн сайын өздері бақылауға бекініп отыр.